Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев атақты велошабондозға құрмет көрсетті

Zakon.kz Zakon.kz
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев велоспортшы Дінмұхамед Ұлысбаевты қабылдады.

Дінмұхамед 26-29 мамыр аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде жүлделі 2 -ші орынды иемденіп қайтты, деп жазады zakon.kz, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Велосипедшілер жарысы 4 күнге созылды. Әлемнің 27 елінен 144 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде топ жарып, оза шығу - үлкен дайындық пен асқан қажыр-қайратты талап ететіні сөзсіз.

Спортшыға Әлем кубогында басты қарсыластардың бірі Америка Құрама штаттарынан, жергілікті швейцаристер, Итальяндар және 2014 жылы әлем чемпионатында 1-ші орын алған австрейц жарысқа шықты. 4 күнге созылған жарыста ел абыройын асқақтату үшін барынша намысқа тырысып бақты. Алдына қойған мақсатын бағындырды.

-Бізде күрестен, бокстан, футболдан, волейболдан, қазақша күрестен, жүзуден бар еді. Бірақ велоспорттан бірінші рет шығып отырсың. Әлемдік кубогында еліміздің, облысымыздың атын шығардың. Саған барлық жақсылықты тілей отырып, осы бетіңнен таймай, олимпиада да биіктен көріне бер- деді облыс әкімі К.Көкрекбаев.

Енді ол Біріккен Араб әмірліктерінде өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастамақ. Олимпиада ойындарында еліміздің көк байрағын желбірету - басты арманы.

Спортшының жетістікке жетуінде жаттықтырушының еңбегі орасан. Бұл орайда, жамбылдық велоспортшының бабын баптап, жарысқа дайындаған жаттықтырушылары Тимур Келимбердин мен Анатолий Головин. Аймақ басшысы қос жаттықтырушының да еңбегін бағалап, ризашылығын білдірді.

Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев Дінмұхамед Ұлысбаевты айтулы жеңісімен құттықтап, сәттілік тіледі. Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлық ұсынды.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления