Павлодар облысында демалыс күндері үш бірдей жол апаты орын алды

Zakon.kz Zakon.kz
Үш жағдайда да көлікті басқарған 1988 жылы туған азаматтар рөлге ие бола алмай қалған. Ертіс ауданында «ВАЗ -21099» автокөлігі аударылып, 62 жастағы жолаушы түрлі жарақаттар алған.

Павлодар облысында демалыс күндері тіркелген жол көлік оқиғасы орнынан төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов мәлім етті.

- Үш жағдайда да көлікті басқарған 1988 жылы туған азаматтар рөлге ие бола алмай қалған. Ертіс ауданында «ВАЗ -21099» автокөлігі аударылып, 62 жастағы жолаушы түрлі жарақаттар алған. Дәл сол күні Шарбақты ауданының Галкино ауылының тас жолында «Опель» аударылып қалып, 23 жастағы жолаушы зардап шекті. Сондай-ақ, кеше «Мерседес» көлігінің жүргізушісі Екібастұз-Павлодар бағытында іргетас блогына соғылған. Қазіргі таңда тексеріс жүргізілуде, - дейді Бибол Жұманов.

Омар Еркін

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления