Полицейдің бетінен ұрған павлодарлықтың бас бостандығына шектеу қойылды

Zakon.kz Zakon.kz
Сот үкімімен жазалау түрін тағайындау барысында жігіттің жасы мен өз кінәсін мойындап, өкінуі ескерілді.

Павлодар қаласының № 2 сотында билік өкіліне күш көрсеткен 1993 жылғы азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, 2016 жылы ақпан айында өз міндетін орындап жүрген Павлодар қаласы ІІБ-нің полицейі радиоэфир арқылы сапаржайда бейтаныс мас адамның жүргені туралы хабарлама алған. Дәмхананың ішінде отырған ер адамды көрген тәртіп сақшысы оған стационарлық бекетке баруды ұсынған. Полицейдің заңды талабы бойынша айтылған мекемеге бет алған ол біраз уақыттан соң наразылық таныта бастаған. Бұған қоса, полицейдің қызметтік міндетін орындап жүргенін біле тұра, қасақана тәртіп сақшысының бетінен ұрған.

- Сот үкімімен жазалау түрін тағайындау барысында жігіттің жасы мен өз кінәсін мойындап, өкінуі ескерілді. Осылайша, ол ҚР ҚК-нің 380-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығына шектеу қойылды, - деді облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева.

Омар Еркін

Фото: pavlodarnews.kz.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления