Қазақстан Олимпиаданың 98 жолдамасын жеңіп алды

Zakon.kz Zakon.kz
27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Олимпиаданың 98 жолдамасына ие болды.

13 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 98 жолдаманы жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясынан хабарланды.

Сонымен, жеңіл атлетикадан еліміздің еншісінде 20 жолдама, байдарка мен каноэде есуден - 11, бокс (ерлер) - 10, ауыр атлетика - 10, еркін күрес - 5, әйелдер күресі - 4, оқпен ату - 4, теннис - 3, грек-рим күресі - 3, таеквондо - 3, дзюдо (ерлер) - 3, дзюдо (әйедер) - 2, әйелдер боксы - 2, велошоссе - 2, садақ атудан - 2 жолдама бар.

Мұнымен қоса, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден - 2, мәнерлеп жүзуден - 1, жүзу - 2, қазіргі бессайыс - 1, стендтік ату - 1, велотрек - 1, семсерлесу - 1, үстел теннисі - 1, көркем гимнастика - 1, еспе слалом - 1, батутта секіру - 1, сондай-ақ ашық суда жүзуден 1 жолдаманы жеңіп алды.

Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Олимпиаданың 98 жолдамасына ие болды.

Фото: ru.wikipedia.org

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления