Қашағанда мұнай өндіру 2016 жылдың қазанында іске қосылуы тиіс – К.Мәсімов

Zakon.kz Zakon.kz
Консорциуммен бірге барлығын логикалық соңына жеткізіп, Қашағанды қазан айында іске қосу қажет.

Бүгін селекторлық режімде өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Энергетика министрлігіне және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на мұнай өндіру және «Қашаған» кен орнын іске қосуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

«Мұнай өндіру мәселесі бойынша - энергетика министріне және «ҚазМұнайГазға» тапсырма: сіздер мұнай өндіру көлемінің 74 млн жоспардан 75 млн тоннаға дейін арттыруды қамтамасыз етулеріңіз қажет. Осы тапсырмалар орындалуы үшін іс-шаралар өткізу керек», - деді К.Мәсімов.

«Сондай-ақ жеке сіздің және «ҚазМұнайГаздың» алдында 2016 жылдың қазан айында Қашағанда мұнай өндіруді бастау туралы міндет тұр. Сондықтан, Консорциуммен бірге барлығын логикалық соңына жеткізіп, Қашағанды қазан айында іске қосу қажет», - деген тапсырма берді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша бірқатар тапсырмалар мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы жөндеу және жаңғырту мерзімдеріне, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін энергия нысандарында отын қауіпсіздігі нормативтерін жасау туралы мәселеге қатысты болды.

Фото: www.kazenergy.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления