Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтар алады

Zakon.kz Zakon.kz
Үкімет басшысы бұл жұмысты бюджетті нақтылау аясында жүргізген дұрыс болатынын жеткізді.

Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтарды алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚР Қорғаныс министрлігіне Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Ішкі істер министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесе бір апталық мерзімде ауыр салмақтағы жүкті көтеретін әскери-көліктік ұшақтарды алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу қажет»,-деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы бұл жұмысты бюджетті нақтылау аясында жүргізген дұрыс болатынын жеткізді

«Қорғаныс министрлігіне осының барлығын есептеу керек, яғни біз нақтылаумен кіретін күзгі блокта бұл мәселе бірінші кезекте енгізілу қажет»,-деді К. Мәсімов.

Руслан Ғаббасов

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления