Әлем нарығындағы қазақстандық титанның үлесін 14%-ға дейін арттыру жоспарланған

Zakon.kz Zakon.kz
Сонымен бірге CRIRSCO пайдалы қазбалар қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйсін енгізу үдерісін бастау жоспарланған.

Металлургиядағы қазақстандық брендтерді дамыту аясында әлемдік сегменттегі қазақстандық титанның үлесін 11%-дан 14%-ға дейін арттыру жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін VII Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі барысында Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз қазақстандық титанның әлемдік сегменттегі үлесін қазіргі 11%-дан 14%-ға арттырмақпыз», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, ТМК реформаларды жүзеге асыруда әлемге әйгілі трансұлттық компанияларды салаға тарту жоспарланған.

«Қазақстанда бүгінде Арселор, Полиметалл және басқа да компаниялар жұмыс жасайды. Осы жұмысты күшейтуді жоспарлап отырмыз», - деді вице-премьер.

Б.Сағынтаев айтып өткендей, сонымен бірге CRIRSCO пайдалы қазбалар қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйсін енгізу үдерісін бастау жоспарланған.

«Тау-кен саласында біз «Бірінші келген - бірінші алады» принципі кеңінен қолданылатын Батыс Аустралия үлгісі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың жеңілдікті әдісіне көшеміз», - деп түсіндірді ол.

Вице-премьердің мәліметінше, тау-кен металлургия саласында бірінші бесжылдық аясында 2,5 млрд долл сомаға 60 жаңа өндірісті пайдалануға берілген, 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

Фото:metall77.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления