Лента новостей
0

Қазақстан мен Сауд Арабиясында инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасалады

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.06.2016 18:27 Фото: zakon.kz
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Хаттамаға 2011 жылдың 7 маусымында қол қойылған, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Конвенцияны ратификациялау уағдаласушы мемлекеттердің резиденті болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік береді. Салық төлеушіге бір рет уағдаласушы мемлекеттердің бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігі беріледі. Екінші мемлекет салықтың төленген сомасын есепке жатқызады. Екіншіден, инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту күтіледі. Үшіншіден, екі мемлекетің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтаруларды болдырмау мәселесін шешуге мүмкіндік береді», деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, құжаттағы жекелеген баптар қызметін уағдаласушы мемлекеттерде жүзеге асыратын әртістердің, спортшылардың, мемлекеттік қызметшілердің, студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің табыстары мен өзге де төлемдеріне салық салу тәртібін көрсетеді.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Қанат Мәметқазыұлы

Фото:liter.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: