Лента новостей
0

Нитраттарға толы қарбыздар

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.06.2016 17:44 Zakon.kz
Басқа да сауда нүктелеріндегі қарбыздарды тексерген кезде, нитрат мөлшері 170, 160 мг/кг-ны көрсетті.

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Әр үйге қауіпсіз тағам» атты акциясы кезінде Атырау базарларында сатылып жатқан қарбыздардың құрамында нитрат мөлшерінің шекті рұқсат етілген деңгейден бірнеше есе артық екендігі анықталды, деп жазады azh.kz.

Шекті рұқсат етілген деңгей 60 мг/кг-нан аспау керек. Санитарлық дәрігерлердің зерттеуінде кей қарбыздардағы нитраттар мөлшері 160, 197, 223 мг/кг-ны құраған.

- Біз қазір дабыл қағудамыз. Базар иелерінің алдына күнделікті тексеру мәселесін қойып отырмыз. Олар сатылымға түскен өнімдердің сапасын бақылауға алып, Шымкенттен, Ташкенттен, Астраханнан әкелінген қарбыздарды жергілікті базарларда сатуға тыйым салулары керек. Ведомостволық зертханалар қарбыздардағы нитрат мөлшерінің, неге екені белгісіз, асып кеткенін анықтамайды, ал кейін біздің зертхананың тексеруі нәтижесінде нитрат мөлшерінің бірнеше есе артып кеткенін анықталып жатады. Екіншіден, қарбыздарды көлік жолдарының бойында сатуға жол бермеу мәселесін қоямыз. Себебі, олардың сапасын мүлдем ешкім бақыламайды, - дейді департамент басшысы Темірбек Мұсағалиев.

15 маусымда қалалық ТЖ басқармасының және қалалық СЭС, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері «Дина» базарын тексеруге шықты.

Базардағы қарбыздардың бір келісінің бағасы 130-дан бастап 200 теңгеге дейінгі аралықта. Сатып алушылардың бірі Айгүл алатын қарбызының құрамын тексеріп беруді өтінді. Аспап 229 мг/кг-ны көрсетті. Бұл қарбыз құрамында нитрат мөлшерінің 4 есе асып кеткенін көрсетті.

- Рамазан айы ғой қазір, үйде жолдасым ораза ұстайтын еді. Кешкі ауызашарда шөлін бассын деп қарбыз сатып алмақшы болып тұрған едім, енді айнып қалдым – деп Айгүл сауда жасаудан бас тартты.

Басқа да сауда нүктелеріндегі қарбыздарды тексерген кезде, нитрат мөлшері 170, 160 мг/кг-ны көрсетті.

Тексерушілер сатушылардан токсикологиялық қорытынды құжатын сұрады. Құжатты көбі көрсете алмады! Мұсағалиев қызметкерлеріне құрамында нитрат мөлшері шекті деңгейден асып кеткен қарбыздарды дереу сатылымнан алып тастауға тапсырма берді.

Гүлжанат Исабаева

Фото: azh.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: