Алматы облысында әйелге араша түскен полицей қылмыскердің қолынан қаза тапты

Zakon.kz Zakon.kz
Күдікті жалдамалы пәтерінен ұсталып, Талдықорған қаласының ІІД жеткізілді.

Алматы облысында әйелге араша түскен полицей қылмыскердің қолынан қаза тапты. Тәртіп сақшылары полицейдің өліміне күдікті деп танылған ер адамды ұстады, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қылмыскер Ескірті бизнесімен күрес жөніндегі басқарманың қызметкері Азамат Мұртбаевқа бірнеше жерден пышақ салған. Полиция капитаны Талдықорған қалалық ауруханасында қайтыс болған.

Кейін мәлім болғандай, полиция капитаны Азамат Мұртбаев қаладағы дәмханалардың бірінде мас еркек тиісіп жатқан әйелге араша түскен. Алайда полицей оқиға бұлай аяқталатынын білген жоқ. Белгісіз ер адам қойнына пышағын алып шығып, оған бірнеше жерден ауыр жарақат салады.

Оқиға былай болған: Азамат Мұртбаев қаладағы дәмханалардың бірінде жәбірленуші әйелге араша түскен.

«Полиция офицері жас келіншекті оған дөрекілік танытқан ер адамнан құтқарамын деп жүріп, ауыр жарақаттанған. Мұны зардап шегуші әйел де, қылмысқа куә болғандар да растады. Облыстық және қалалық полицияның оперативтік құрамын дабыл бойынша жұмылдырып, қысқа уақыт ішінде күдіктіні анықтадық. Ол Талдықорғанда уақытша тұрып жатқан Алакөл ауданының 1995 жылғы тумасы болып шықты. Күдікті жалдамалы пәтерінен ұсталып, Талдықорған қаласының ІІД жеткізілді», деп түсіндірді полиция өкілі.

Фото: www.mhealth.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления