ІІД Тараздағы полицейлермен болған атыстың мән-жайын мәлім етті

21 июня 2016, 14:13
Фото:

Биылғы жылдың 19 маусымында сағат 16:30 шамасында қаланың 6-шағын ауданында кезекшілік атқарып жүрген ІІД ЖППБ полиция сержанты Бекжан Тіленшиев атылған оқтың дыбысын естіп, көпқабатты тұрғын үйге жүгіріп кіріп кеткен қарулы қылмыскердің ізіне түседі, деп хабарлайды BNews.kz.

Шақырту бойынша, оқиға орнына таяу маңда жүрген УПИ полиция аға лейтенанты Данияр Зауырбек келіп жетеді. Қуғынды көрген Д.Зауырбек, олардың соңынан жүгіре кіреді. Д.Зауырбек үйдің кіреберісінде, баспалдақ аралығында белгісіз біреу ізіне түскен полиция қызметкері Тіленшиевке бірнеше рет оқ атқанын байқайды, деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметі.

Полиция аға лейтенанты Д.Зауырбек қорғана отырып, қылмыскерді жаралап тоқтатады. Осыдан соң ол ұялы телефонымен оқиға жайлы хабарлап, жедел жәрдем шақырады.

Атыс кезінде жол-патрульдік полиция қызметкері Б.Тіленшиев ауыр оқ жарақатын алды.

Учаскелік полиция инспекторы Д.Зауырбек пен жол-патрульдік полициясының қызметкері Б.Тіленшиевтің ержүректігі, сондай-ақ нақты әрі шебер қимылы арқасында қылмыскер ұсталып, қолындағы қаруы алынды.

Қазіргі күні жол-патрульдік қызметі батальонының полицейі, сержант Б.Тіленшиев қалалық ауруханада ауыр халде жатыр.

Фото: taxiservice.com.ua


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?