Лента новостей
0

Қазақстан ауылдарының 10 мың тұрғыны жұмыспен қамтылады – Т.Дүйсенова

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.06.2016 21:07 Zakon.kz
ДСӘДМ басшысы түсіндіргендей, бүгінгі таңда облыс әкімдері осындай 2834 жоба ұсынған.

2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар аясында ауыл тұрғындарына арнап 10 мың жұмыс орны құрылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметі отырысында. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазады.

«Біз ауыл округтерін ескердік.Осы жобалардың бәріне 10 мыңға жуық ауыл тұрғынын тарту жоспарланған. Қаражатты бөлу ауылда және аудандық маңыздағы қалаларда тұратын халық санына қарай жүзеге асырылды. Жұмыспен қамту жол картасына өзгерістер әзірлейміз, оларды Экономика министрлігімен және Инвестициялар министрлігімен келісу қажет», - деді Т.Дүйсенова.

ДСӘДМ басшысы түсіндіргендей, бүгінгі таңда облыс әкімдері осындай 2834 жоба ұсынған. Олардың 2536 жобасы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Оның айтуынша, жөндеу 1917 ауыл, ауыл округтері және аудандық маңыздағы қалаларда жүргізіледі.

Фото: munara.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: