Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Қазақстанда өтетін Армия ойындарының байқауларына 17 ел қатысатыны белгілі болды

22 июня 2016, 13:02

Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін «Артиллериялық оқ ату шебері» байқауына қазірдің өзінде 6 елдің әскери қызметшілері қатысатыны мәлім болды.

2016 жылдың 30-шы шілдесі мен 13-ші тамызы аралығында Армия халықаралық ойындары өтеді. Аталған ойындардың негізінде 23 халықаралық байқау өткізу қарастырылуда, олардың ішінде – «Артиллериялық оқ ату шебері» және «Мерген шебі» байқаулары алғаш рет Қазақстан Республикасына қарасты полигондардың аумағында өткізілетін болады. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін «Артиллериялық оқ ату шебері» байқауына қазірдің өзінде 6 елдің әскери қызметшілері қатысатыны мәлім болды. Олар - Ангола, Венесуэлла, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей. Ал «Мерген шебі» байқауына 11 елдің армиясы – Белорусь, Венесуэлла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Монғолия, Ресей және ОАР қатысады. Аталған байқауларға 8 ел бақылаушыларын жіберуге дайын. Олар: Австрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың тамыз айында Армия халықаралық ойындары алғаш рет Ресейде өткізілген болатын.

Оған барлығы 17 елден 56 команда қатысты. Бұл ойындар бойынша 13 байқау 11 полигонда өткізіліп, әскери қызметшілердің далалық (әуе, теңіз) машықтары сыналды. Алғашқы сайыстың қорытындысы көрсеткендей, байқаулар әскери қызметшілер мен экипаждардың кәсіби даярлық деңгейін, олардың шеберлігі мен жинақылығын арттыруға, қатысушы елдердің Қарулы Күштері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Фото: www.mod.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...