Атырау қаласында шағын мұнай өңдеу зауытының заңсыз жұмысы әшкереленді

Zakon.kz Zakon.kz
2013-2014 жылдар аралығындағы мерзімде бағасы 256 764 669 тенге тұратын 3 045,269 тонна мұнай заңсыз экспортқа жөнелтілген.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен тұлғалар тобының қолданыстағы заңнамалар және нормативтік актілерге қарамастан заңсыз өндірілген мұнайды экспортқа контрабандалық жолмен «мұнай өнімдерінің қоспасы» ретінде шығару түріндегі мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының қылмыстық схемасы анықталды, деп жазады zakon.kz.

Тергеу барысында азамат Д. «Oм TradeOil» ЖШС директоры бола тұра тағы бір ЖШС басшылығымен және басқа анықталмаған тұлғалармен қылмыстық келісімге келіп, 2013-2014 жылдар аралығында мұнайды, оның өндірілуінің заңдылығын дәлелдейтін құжаттарсыз, мұнай қалдықтарының қоспасы ретінде қабылдауды, және ол мұнайдың ЖШС-нің кіші мұнай өңдеу заводының резервуарларында заңсыз сақталуын ұйымдастырғандығы анықталды.

Онан әрі көрсетілген тұлғалармен мұнайға жалған «мұнай өнімдерінің қоспасы» мекеме стандарты, сапа паспорттары және сәйкестік сертификаттары жасалып, аталған мұнай ЖШС-ң зауытының территориясынан Украинаға, Латвия, Литва республикаларына экспортқа жөнеліткен.

2013-2014 жылдар аралығындағы мерзімде бағасы 256 764 669 тенге тұратын 3 045,269 тонна мұнай заңсыз экспортқа жөнелтілген.

Азамат Д. қатысты ҚР ҚК 197-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс өндірісі аяқталып, бүгінгі күні №2 Атырау қаласының сотында қаралуда.

Тергеуден жасырынған істің қалған фигуранттарына қатысты «қамауға алу» түріндегі шара қабылданып, іздестіру жарияланды.

Фото: www.vestifinance.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления