Лента новостей
0

Бекзат Саттарханов қолданған бұйымдар Ұлттық музейге тапсырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.06.2016 21:28 Zakon.kz
Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылғы 18 наурызда Астана қаласынан бастау алып, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жалғасын тапты.

Бүгін Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Іс-шараның ашылуында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Күлия Смайылханқызы қазақ тарихын жас ұрпаққа таныту мәселесіне тоқталды.

«Жәдігерлерді республикамыздың әр өңірінен жинақтап, сақтау ісі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының біздің өңірімізге де келіп жеткеніне қуаныштымыз. Әлбетте, бұл оңай жұмыс емес. Біз әрқашан мұндай игілікті істерге қол ұшын беруге дайынбыз», - деді К.Смайылханқызы.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбайдың айтуынша, аталмыш акцияның басты мақсаты – тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудара отырып, елеусіз жатқан құнды жәдігерлерге қайта жан беріп, өңдеп, келешек ұрпаққа табыстау.

Іс-шараға Файзулла Үрмізов, Генерал Асқаров, Сабыр Рақымов, Әсілхан Оспанұлы, Керімбек Сыздықов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бекзат Саттарханов сынды ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олардың қолданған құнды жәдігерлері мен естелік бұйымдарын тарту етті. Сонымен қатар, қобызшы, қорқыттанушы Мұсабек Жарқынбековтың жалпы саны 90-ға жуық құнды мұрасын ғалымның жары Еркінай Исабаева Ұлттық музейге табыстады. Тарих пен мәдениетке жанашыр қауымның арасында музей ардагерлері Абдолла Жумашев, Мирахмад Мирхалдоров және «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі жазушы Мархабат Байғұт та бар. Облыстың бірқатар талантты суретші-мүсіншісі де өздерінің таңдамалы туындыларын Ұлттық музейге сыйлады.

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылғы 18 наурызда Астана қаласынан бастау алып, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жалғасын тапты. Ал, Шымкентте өткен акция аясында ОҚО бойынша 300-ге жуық жәдігер жинақталды», - деп ақпарат таратты ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі.

Фото: bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: