К.Мәсімов Қарағанды облысындағы ақ қаңылтыр шығаратын кәсіпорында болды

Zakon.kz Zakon.kz
Аталмыш кәсіпорынның халықаралық стандарттар бойынша аталған өнімді өнеркәсіптік негізде шығаратын Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын екенін атап кеткен жөн.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қолдауымен іске қосылған лакталған және литографиялық ақ қаңылтыр өндіретін «Ast Etalon Crown» кәсіпорнында болды, деп жазады zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

«Ast Etalon Crown» 2008 жылы «БЖК 2020» бағдарламасының қолдауы аясында пайдалануға берілген. Кәсіпорында қаңылтыр тығындар өндіріледі, тамақ және тамақ емес өнімдерге арналған орама өндірісінде пайдалану мақсатында ақ қаңылтырды лактау және литография жүргізіледі (консервілер, лак-бояу материалдары, құрылыс материалдары).

Лактау және литография шығару өнімділігі – айына 800 тоннаны, қаңылтыр тығындарды шығару өнімділігі айына 90 миллион дананы құрайды.

Аталмыш кәсіпорынның халықаралық стандарттар бойынша аталған өнімді өнеркәсіптік негізде шығаратын Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын екенін атап кеткен жөн.

Кәсіпорынды аралау аясында облыс әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов Премьер-Министрді облыстағы шағын және орта бизнестің дамуы, сонымен қатар индустрияландыру барысы туралы хабардар етті.

К.Мәсімов литография желісі мен қаңылтыр тығындарды шығару өндірісі орналасқан цех ғимаратын аралап, өндірістің технологиялық үрдісімен танысты, сондай-ақ кәсіпорын жетекшісі Юрий Дюпиннің баяндамасын тыңдады.

Фото: kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления