Павлодарлық спортшы Илья Котенев әлем чемпионы атанды

Zakon.kz Zakon.kz
Байрақты бәсекеде әлемнің 75 елінен келген спортшы бақ сынасты.

Павлодарлық спортшы Илья Котенев АҚШ-тың Техас штаты Киллен қаласында классикалық пауэрлифтинг бойынша өткен чемпионатта әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Илья Котенев 83 келі салмақ дәрежесінде 637 келі зіл темірді көтеріп, әлемдік рекорд орнатқан.

- Байрақты бәсекеде әлемнің 75 елінен келген спортшы бақ сынасты. ҚР ұлттық құрамасында Ксения Окатенко, Андрей Прокопенко және Илья Котенев Павлодар облысының намысын қорғады. Нәтижесінде Ксения Окатенко үшсайыста қола медальге ие болса, Андрей Прокопенко төртінші орынды місе тұтты, - деп жазылған хабарламада.

Фото: ztb.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления