Лента новостей
0

Астанадағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.06.2016 18:22 Zakon.kz
Бүгін түнде Астанадағы бес қабатты тұрғын үйде орын алған өрт сөндірілді.

«29 маусым күні 02:35-те өрт сөндіру қызметіне Біржан сал көшесі, 2/1 үй, №3 кіреберісін түтін алып кеткен жөнінде хабар келіп түсті. Өрт орнына 29 жеке құрам қызметкері, 5 негізгі және 2 арнайы өрт сөндіргіш автокөлік жіберілді, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

02:45-те бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырылған жерге жеткенде бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы аумағы 7 шарты метр қойма өртенгені анықталды. Бүкіл кіреберіс түтінге оранған. Адамдардың өміріне үлкен қауіп төнді, тұрғындардың көбі жоғарғы қабаттарда қамалып қалды», - деп хабарлайды Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған оқиғада адам өміріне қауіп төнгендіктен №2 ранг қауіптілік жарияланды.

Газ-түтіннен қорғау тобының көмегімен және өрт сөндіру сатылары арқылы 8 адам құтқарылды, оның төртеуі балалар және 70 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың арасында он бала бар.

«Тұраққа қойылған автокөліктердің кесірінен автосатылар мен бүгілмелі автокөтергіш қоятын мүмкіндік болмай, өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысында қиындықтар туындады. Өрт кезінде 8 негізгі, 6 арнайы өрт сөндіру автөкөліктері, 56 жеке құрам қызметкері қатысты. 03:17-де өрт толығымен ауыздықталды. Өрттің туындау себептері анықталуда », деп мәлім етті қалалық ТЖД.

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: