Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Ақтөбеде қасқыр атуға 6 млн теңге бөлінді

29 июня 2016, 13:58

Жануарлар дүниесін қорғау, соның ішінде киіктер популяциясын, тұрғындар денсаулығын қорғауға және құтыру ауруының алдын алу мақсатында қасқыр ату жұмыстары басталды.

Ақтөбеде қасқыр ату жұмыстарына 6 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға 725 қасқырды ату жоспарланған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, қазіргі күні жыртқыш аңның 200-і атылды, деп жазады BNews.kz.

«Жануарлар дүниесін қорғау, соның ішінде киіктер популяциясын, тұрғындар денсаулығын қорғауға және құтыру ауруының алдын алу мақсатында қасқыр ату жұмыстары басталды. Бізде шалғай, үйі аз ауылдар бар. Далалықтан азық таппаған қасқырлар ауылға кіріп, мал мен адамға тарпа бас салуы мүмкін. Сондықтан ату жұмыстарына 6 миллион теңге бөлінді»,- дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл.

Айта кетейік, биыл жыл соңына дейін 725 бас қасқыр атылуы тиіс. Қазір 200 қасқырдың көзі жойылды. Бұл жұмыстарды мемлекеттік сатып алу байқауына қатысып, жеңімпаз атанған мекеме атқарады.

«Бір қасқырды ату жұмысына шамамен 15 мың теңге жұмсалады. Бұл қаржы жанар-жағармай, техникаға, яғни, жол шығынына жұмсалады. Оқ-дәрі де алынады»,- дейді Н.Аққұл.

Фото: 7oom.ru


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...