Лента новостей
0

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.07.2016 15:27 Zakon.kz
Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп жазады zakon.kz, Ақорданың баспкасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі.

Ораза айттың шуақты күндерінде мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді.

Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де – қасиетті мерекенің жарқын көріністерінің бірі.

Ораза айт – бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы.

Осы мызғымас құндылықтарымыздың арқасында біз Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда қарқынды түрде дамып келеміз.

Қастерлі Қазақстан жерінде өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өркениеттер үндестігіне сүбелі үлес болып қосылуда.

Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі.

Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін.

Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Фото: 365info.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: