Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Алматы облысында суға батқан адамдар саны азаймай тұр

5 июля 2016, 11:07

ТЖҚ 37 маманы 12 қайықпен көлді бақылауға алған. Бірақ ұзындығы 80, ені 40 шақырымға жететін алып көлді толық бақылауға, төтенше оқиға бола қалған жағдайда жылдам жетіп, адамды құтқаруға олар &#

Алматы облысында суға батқан адамдар саны азаймай тұр. Ал, 8 аудан мен бір қалаға жауапты деп бөлінген құтқару қызметінің 37 маманы үлкен аумақтағы қауіптің алдын алып үлгермейді. Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Кербұлақ аудандары сынды бір-бірінен жүздеген шақырым алыс қашықтықта жатқан аумақтарға дер кезінде жете алмайды. Тіптен, ұзындығы 80 шақырымдық Қапшағай көлін бақылап, тұншыққан адамды дер кезінде жағаға шығаруға да мүмкіндік аз, деп жазады Алматы телеарнасы.

Алматылықтардың көп демалатын, жаздай шомылатын жерлерінің бірі осы Қапшағай су қоймасы. Сенбі, жексенбі күндері көлге шамамен жиырма мыңдай адам келеді екен. Ал төтенше жағдайлар қызметінің 37 маманы 12 қайықпен көлді бақылауға алған. Бірақ ұзындығы 80, ені 40 шақырымға жететін алып көлді толық бақылауға, төтенше оқиға бола қалған жағдайда жылдам жетіп, адамды құтқаруға олар үлгермейді.

Әрі осы 37 маман тек Қапшағай қаласына ғана емес, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ ауданы, Кербұлақ сынды барлығы 8 ауданда құтқару шараларын жүргізеді. Судан басқа көлік апаты сынды өзге де апаттарға жөнелтіледі. Ал күн жылынғалы салқындауға ұмтылған адамдар өздерінің де, балаларының да қауіпсіздігін ұмытып кетеді.

«Осында жанұяларымен келеді. Ата-аналар ішімдікті көп пайдаланады. Ішімдік ішіп, балаларының қайда қалғанын білмей қалады», - деді Алматы облысы ТЖД қызметкері Ермек Арыстанбаев.

Ал суға батқан адамның жүрек соғысы үш, миы бес минутта тоқтайды. Құтқарушылар араға көп уақыт салып жеткенше батқан адам су түбіне кетіп үлгереді. Сондықтан құтқарушылар тек кейін судан адамның денесін табумен ғана айналысып жатыр. Мамандар биыл көлден 20 адамды құтқарыпты. Ал, биылғы шомылу маусымы басталған бір жарым айда Алматы облысында 22 адам суға батып кетсе, олардың сегізі бала.

«Жалпы үш жылдың ішінде адамдардың суға батуы азайып отыр. Бірақ кәмелеттік жасқа толмаған балалардың көрсеткіші бір қалыпты. Сол себепті ата-аналдарға өте мұқият болу керек», - деді Алматы облысы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы прокуроры Нұрлан Мәлікұлы.

Қапшағай жағалауында 280-нен асатын жекеменшік демалыс орындары бар. Бірақ қаржыға құныққан кәсіпкерлер өз аумағында құтқарушы ұстауға келгенде құлықсыз. Оның сыртында жері Қапшағай қаласының әкімдігіне тиесілі 7 ірі жағажай бар. Бірақ уақытша жалға берген жерлерін қадағалап жатқан әкімдік жоқ. Жағалау қоқысқа толы, көлдің қауіпті аймағын көрсететін ешқандай белгі жоқ.

«Адамдар суды ластамау үшін міндетті түрде дәретхана орнату керек. Қоқыс жәшіктері де жоқ. Айнала лас. Ал шілде айында бұл жер мүлдем ластанып кетеді. Сосын ашық жағажайға келсек те, 500 теңге төлеп кіреміз. Ол бөгеттерді алып тасау керек. Ал ақша алады екен, сапасын жақсартсын», - деді Ирина Антоненко.

Қала әкімдігі өз аумағына қарасты жерлерге құтқарушы қоймаған, тазалық тәртібін мүлдем орнатпаған. Әкімдікке тиесілі жер бақылаусыз қалғандықтан жуырда осында 13 жастағы оқушы опат болды. Жалпы соңғы төрт жылда Алматы облысында 360 адам суға батып, қаза тапса, олардың 94-і балалар. Ал облыс аумағында құрлық пен суда құтқаратын мамандарды басшыларымен қоса есептегенде 107 адам ғана.

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев

Фото: timeskz.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...