Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Алматыда кісі өлтірген күдікті тұтқындалды - Алматы ІІД

5 июля 2016, 11:32

2016 жылдың 29 маусымында «Қалқаман» шағынауданында екі жас азаматтың арасындағы жанжалдың салдарынан 1994 жылы туған Т. есімді азамат оқ тиіп жарақаттанған еді.

Алматыда кісі өлтірген деген күдікпен Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны тұтқындалды. Бұл туралы бүгін Алматы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Естеріңізге сала кетелік, 2016 жылдың 29 маусымында «Қалқаман» шағынауданында екі жас азаматтың арасындағы жанжалдың салдарынан 1994 жылы туған Т. есімді азамат оқ тиіп жарақаттанған еді. Ол қаладағы ауруханалардың бірінде есін жимаған күйі көз жұмды.

«Бұл дерек Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасында ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген болатын.

Қылмыстың бетін ашу үшін, арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Топ мүшелері жедел-іздестіру шарасының алғашқы сағатында-ақ, жанжалға қатысқандардың барлығының және солардың ішінде оқ атқан азаматтың аты-жөнін анықтады. Өткен демалыс күні аса ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 128-бабына сәйкес, А. есімді азамат уақытша тергеу абақтысына тоғытылды. Жақын уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңі аясында бұлтартпау шарасы тағайындалады. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық істің материалына тіркелді», - деді Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Айбота Жаппарберген

Фото: nazaccent.ru


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...