Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Өзін-өзі өртемек болған елордалық салымшыға құрылыс салушы ақшасын қайтарып беретін болды

Цветкова О. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі Ведомствоаралық комиссияға (ВАК) тұрғын үй құрылысына салған 7,7 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын қайтару туралы өтініш берген.

Фото : 5 июля 2016, 17:16

Әлеуметтік желілерде «Нұр Бесік» («Көктал-1» тұрғын алабы, Басықара батыр көшесі, «Ата-Кент» ТҚК, салушы «Асар» РҚБ) тұрғын үй кешенінің құрылысына және үлестік құрылысқа қатысушы О. Цветковаға қатысты мәселе талқыланып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кетейік, О.Цветкова өзінің Фейсбуктегі парақшасында өзін өртейтінін жазған болатын. Сондай-ақ, үшінші қабаттағы өз үйінің самалдығында үстіне жанармай құйып, өз наразылығын танытқан. Оқиға орнына "Ата-Кент" компаниясы директоры міндетін атқарушы Қайрат Бодаухан келген. Бодаухан Цветковаға жеті күннің ішінде құйған қаржысын қайтарып беретіні туралы қолхат жазып берген. Осыдан кейін ол қарсылық шарасын тоқтатты.

Цветкова О. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі Ведомствоаралық комиссияға (ВАК) тұрғын үй құрылысына салған 7,7 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын қайтару туралы өтініш берген.

ВАК отырысында ТҚК төрағасы Бодаухан Қайраттың ақша қаражатын қайтару мәселесі шешілгенге дейін О. Цветкованың уақытша баспанамен қамтамасыз етілгені туралы өтініші ескерілді. Құрылыс салушы ВАК-қа өтініш берушінің барлық ниет-тілектерін ескеріп, қабылдады. Төрт айдың ішінде олар О. Цветкованың тұрғын үй жалдағаны үшін 300 мың теңгеге жуық ақша төлейді.

Қазіргі кезде құрылыс салушыға тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін қажетті рұқсат құжаттары берілді.

Бүгінде құрылыс салушының атынан Қ. Бодаухан мен азаматша О. Цветкованың арасындағы кездесуде үлестік құрылысқа салынған ақша қаражатын 2016 жылғы 12 шілдеге дейін қайтару туралы шешім қабылданды. Құрылыс салушы қарызды өтеу туралы қолхат-міндеттеме берді және Астана қаласының әкімдігінің қатысуынсыз барлық проблемалық мәселелерді өз бетінше шешті.

Астана қаласының әкімдігі әрқашан да алданған азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғайтын болады, сонымен қатар, азаматтарды арандатушылық әрекеттерге берілмей, тек ресми ақпаратқа ғана жүгінуге шақырады.

Фото: www.inform.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии