Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев банкке 13,6 миллион теңге қарыз болып шықты

Zakon.kz Zakon.kz
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев тағы бір сотта жеңіліп, өзіне тиесілі автокөлікті Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шыққан болатын.

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың басынан дау арылар емес, деп жазады serke.org.

31 арнаның мәліметіне сүйенсек, батыр азаматымыз банкке 13 миллион 600 мың теңге қарыздар екен. Аталған дереккөз басы даудан арылмай, бапкерімен де, жұбайымен де араздасқан боксшының ісі әлі жалғасып жатыр деп мәлімдеді.

«Қазақстан халық банкі» Астанадағы Сарыарқа аудандық сотына Сәрсекбаевтың үстінен азаматтық арыз түсірген. Боксшы 120 айлық мерзімге 15% сыйақы мөлшерлемесі көлемінде 13 миллион 600 000 теңге несие алып, жылжымайтын мүлік ретінде Астана қаласындағы жеке пәтерін кепілге қойыпты. Соңғы тексерістерден кейін сот екіжақты келісімді жарамсыз деп таныды. Өйткені, оның өз міндетінен жалтармақ болғаны анықталған. Енді боксшы банкке қарызы мен мемлекет пайдасына сот шығындарын толық өндіріп беруі керек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев тағы бір сотта жеңіліп, өзіне тиесілі автокөлікті Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шыққан болатын.

Күнсұлтан Отарбай

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления