БҚО ТМРА бұрынғы басшысы 7 млн теңге айыппұл төлеуден бас тартып отыр

Zakon.kz Zakon.kz
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында Оралда 16 адамға қатысты 14 жемқорлық ісі қаралған.

Батыс Қазақстан облысының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі комитеті департаментінің бұрынғы басшысы Уәлихан Разов сот үкіміне шағым түсірді, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы қалалық сотта өткен брифинг барысында мәлім болды.

Қалалық соттан атап өткендей, Разовтың ісіне қатысты сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

«Үкімнің барлығы дерлік өзгеріс қалып жатады. Сол себепті Разовтың айыппұл сомасын төмендетуге қатысты шағымы қанағаттандырылуы екіталай», - дейді қалалық сот төрағасының міндетін атқарушы Сұлуханым Қадырәлиева.

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында Оралда 16 адамға қатысты 14 жемқорлық ісі қаралған.

«Сот үкімдерімен 220 млн теңге айыппұл белгіленіп, бүгінде оның 182 млн теңгесі өтелді. Кейбір істер бойынша сотталғандардың айыппұлды төлеуге әлі де уақыты бар. Екі адам айыппұл төлемегені үшін түрмеге тоғытылды», - деп мәлім етті Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұлов.

Естеріңізге салып өтсек, Уәлихан Разов «АқсауГазПромЭнерго» АҚ бас директоры Алхат Абзалиловтан 250 мың теңге көлемінде материалдық тұрғыда (жиһаздар мен компьютерлер) пара алғаны үшін айыпты деп танылған еді. Сот үкімімен оған 6,8 млн теңге айыппұл салынды. Ал мемлекеттік айыптау Разовты жеті жылға соттауды сұраған болатын.

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления