Алматы облысындағы ветеринариялық жағдай пысықталды

Zakon.kz Zakon.kz
Облыс әкімінің орынбасары әрбір ауданның ветеринариялық бөлімінің басшыларын жеке-жеке тұрғызып, атқарған жұмыстарының ауқымы мен сапасына қатысты жауап алды.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің төрағалығымен облыстағы эпизоотиялық жағдай және жүргізілетін алдын алу шаралары туралы мәселе қаралған жиын өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жиында облыстық ветеринария басқармасы, ветеринариялық бақылау және қадағалау облыстық аумақтық инспекциясы, ветеринариялық зертхананың өңірлік филиалы өкілдері сөз алып, өз құзыреттері шеңберіндегі қабылданған шаралар мен жоспарлары туралы баяндады.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары әрбір ауданның ветеринариялық бөлімінің басшыларын жеке-жеке тұрғызып, атқарған жұмыстарының ауқымы мен сапасына қатысты жауап алды.

Жиында эпизоотиялық ошақтарды қоршау жұмыстары, алдын алу шаралары, оған қажетті препараттарды жеткізу мен сақтау мәселелері және басқа да атқарылуға тиісті жұмыстар пысықталып, Серікжан Бескемпіров тарапынан нақты тапсырмалар берілді.

Фото: socialvet.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления