ШҚО-да суға батқан үш адамның мәйіті табылды

Zakon.kz Zakon.kz
Зырянов ауданы Малеевск ауылы Бұқтырма өзеніне 59 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін куәгерлер алып шықты.

Өскеменде сүңгуірлер 20 күн бұрын Ертісте суға кеткен 13 жасар жасөспірімнің мәйітін тапты, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, өткен бейсенбі күні Бұқтырма су қоймасының сүңгуірлер бақыламайтын бөлігінде шомылу кезінде 34 жастағы ер адам суға кетті. Бір сағаттан кейін оның мүрдесін куәгерлер алып шықты. Ал бұдан бір сағат бұрын Зырянов ауданы Малеевск ауылы Бұқтырма өзеніне 59 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін куәгерлер алып шықты.

Фото: timeskz.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления