Павлодарға Ниццадағы лаңкестіктен қаза тапқан отандастарымыздың денесі жеткізілді

Zakon.kz Zakon.kz
Ұшақ Ницца-Париж-Алматы-Астана рейсімен келіп қонды.

Павлодарға Ниццадағы террорлық акті кезінде көз жұмған отандастарымыздың денесі жеткізілді. Embraer 190 ұшағы жергілікті уақытпен сағат 14:05-те қонды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ұшақ Ницца-Париж-Алматы-Астана рейсімен келіп қонды.

Естеріңізге салып өтсек, мұның алдында Франциядағы лаңкестік кезінде төрт қазақстандықтың ажал құшқанын хабарлаған болатынбыз. Олардың арасында Павлодар тұрғындары – бір отбасының мүшелері Любовь, Марина және Сильвия Панченколар бар. Сильвия небәрі 3 жаста болатын.

Павлодар халқы қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмдармен қоштасу ертең өтеді.

Отбасының досы Тимур Тилинин Қазақстанның Франциядағы дипломатиялық миссиясына жедел көмегі үшін алғыс айтты.

Ниццадағы қанды қырғын 14 шілдеден 15-не қараған түні орын алған еді.

Фото: ratel.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления