Илья Ильин Лондондағы «алтын» медалінен айырылуы мүмкін

Zakon.kz Zakon.kz
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиадаларда алынған допинг-сынамалары қайта тексеріп шықты.

Тексерудің нәтижелері бойынша осыған дейінгі допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің барлығының сынамалары оң нәтиже көрсеткен. Олардың бір қатарының есімдері де белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Аты аталған спортшылардың бесеуі Лондон Олимпиадасында 94 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен. Олар: қазақстандық Илья Ильин (бірінші орын) мен Алмас Өтешов (жетінші орын), әзербайжандық Интигам Заиров (алтыншы орын), ресейлік Александр Деманов (төртінші орын) пен Александр Иванов (екінші орын).

Міне, Лондонда ауыр атлетикадан бірінші, екінші орынды иеленген екі спортшы да допинг қолданғаны белгілі болды. Ал үздік үштікті түйіндеген молдовалық Анатолий Кырыку жеңіп алғаны белгілі. Егер Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) бірінші, екінші орын алған спортшылардың медалін қайтарып алатын болса, Илиьннің медалі осы молдовалық ауыр атлетке бұйыруы мүмкін.

Ал ресейлік спортшының күміс медалі бесінші орынды иеленген ирандық Саед Мохаммадпурға, қола медаль жарысты сегізінші орынмен аяқтаған кореялық Ким Мин Джеге тапсырылуы мүмкін.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына төрт алтын сыйлаған Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильинді уақытша жарыстардан шеттеткен болатын. Биыл Риода төртеуі де жарысқа қатыса алмайды.

Ал Рио-де-Жанейро олимпиадасында ел намысын қорғауға 8 спортшымыз аттанып кетті. Олар: Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін), сондай-ақ Маргарита Елисеева (48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Ауыр атлеттеріміз жарысты 6 тамызда бастайды. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 7 тамыз таңғы сағат 04:00) әйелдер арасындағы бәсекеде 48 келідегі қызымыз М. Елисеева өнер көрсетеді.

Ал жарыстың екінші күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 8 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 56 келі салмақтағы легионеріміз А. Чонтей ел намысын қорғайды.

Тамыздың 8-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 9 тамыз таңғы сағат 04:00) тағы бір легионер, ауыр атлетіміз 62 келі салмақтағы Ф. Харкидің зілтемірді қалай көтергенін көретін боламыз.

Тамыздың 9-ы күні сағат 15:30-да (Астана уақыты бойынша 10 тамыз сағат 00:30) 63 келі салмақтағы ауыр атлет қызымыз Л. Горичеваның өнерін тамашалаймыз.

Тамыздың 10-ы күні 15:30-да (Астана уақыты бойынша 11 тамыз сағат 00:30) қазақтың қаракөз қызы Ж. Жаппарқұл 69 келі салмақта ел намысын қорғайды. Осы күні кешкі сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 11 тамыз таңғы сағат 04:00) 77 келіде ерлер арасында Н. Рахимов сынға түседі.

Тамыздың 12-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 13 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 85 келі салмақта Д. Ұланов өз өнерін пәш етеді.

Ауыр атлеттеріміздің бәсекесі үш күн үзілістен кейін, яғни тамыздың 15-і күні қайта жалғасады. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз таңғы сағат 04:00) +105 келі салмақтағы зілтеміршіміз қызылордалық А. Зайчиков ел намысын қорғайды.

Күнсұлтан Отарбай

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления