Ақтөбе облысында жат ағымдарда жүрген 215 адам дəстүрлі исламға оралды

Zakon.kz Zakon.kz
Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бүгінгі таңда сауатты теологтар мен беделді имамдар тапшылығы өзекті болып отыр. Мəселен, облыста 7 мешітте имам жоқ.

Ақтөбе облысының билігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында іс-шаралар өткізіп келеді. Нəтижесінде дəстүрлі емес ағымда жүрген жүздеген адам райынан қайтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде теолог əйелдер дəріс оқитын, діни сауаттылықты көтеретін арнайы оқыту курстары ашылды.

Өз кезегінде, Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бүгінгі таңда сауатты теологтар мен беделді имамдар тапшылығы өзекті болып отыр. Мəселен, облыста 7 мешітте имам жоқ.

«Біз бұл мəселені шешеміз. Халықтың діни сауаттылығын жоғарылататын, тұрғындарға діни-ұнамдылық тəрбие беретін беделді имамдар мен сауатты теологтар тартамыз», - деп атап өтті облыс басшысы.

Бұл мəселені шешу мақсатында өңір басшылығы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып, мешіттерге білікті мамандар тартуға кірісіп кетті. Қызметтегі имамдарға деструктивті ағымдарды анықтау жөнінде семинарлар өткізілуде.

«Ақтөбе ақпарат» орталығының мәліметінше, қазіргі таңда «Аңсар» кеңес беру – сауықтыру орталығында ҚМДБ, орталық қызметкерлері және медресе теологтарынан құралған топ жұмыс істейді. 2016 жылдың басынан бері олар 500 жеке кездесу өткізді, нәтижесі жоқ емес.Жалпы алғанда, қолға алынып жатқан шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың бірінші эартыжылдығында 215 адам дәстүрлі исламға қайта оралды.

Фото: www.sunna.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления