ШҚО-да барымташылар қылмыс үстінде қолға түсті

Zakon.kz Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында тәртіп сақшылары төрт барымташыны ұстады.

Полицейлер түнде «Газель» көлігін тексеру үшін тоқтатып, ондағы екі ірі қараның еті мен үш бас қойдың ұрланғанын анықтаған, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Малды ұрылар шаруа қожалықтарының жазғы жайлауынан ұрлаған. «Шаруа қожалығына келтірілген залал 510 мың теңгеге бағаланды», деп хабарлады облыстық ІІД.

Ұрылардың барлығы Семей қаласының тұрғындары болып шықты. Біреуі 21 жаста, тағы бірі 42 жаста, тағы екі күдікті 41 жаста.

Олар ҚР ҚК 188-бабы 2-бөліміне сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу амалдары жүргізілуде, олардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр.

Фото: cripo.com.ua

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления