Қазақстанның әскери ұшқыштары көк аспанда ғаламат шоу ұйымдастырды

Zakon.kz Zakon.kz
9 тамызда үздік мергендер мен артиллерияшылардың есімдері белгілі болады.

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әскери ұшқыштары бүгін «Гвардейск» полигонының көк аспанында ғаламат авиа-шоу ұйымдастырды. Армия халықаралық ойындарының салтанатты ашылу рәсімінің меймандары мен сайыстың шетелдік қатысушыларын әуе хас шеберлеріміз ұшақты басқарудағы жоғары сынамамен таңқалдырды, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа Су-30 ұшағында подполковник Владимир Ткач пен Теміртас Ыбыраев жеке дара ұшақты басқаруды паш етті. Олар жоғары пилотаж, яғни, «Нестеров ілмегі», «Төбешіктегі жылдамдатылған бұрылыс», «Басқарылатын бұранда», «Қоңырау» және «Шағын жылдамдықтардағы үдемелі бұрылыс» фигураларын орындады. Су-27-нің үш ұшағы мен бір Су-30 жойғышы құрамында «Жетісу» пилотаждық тобы ұшу шеберлігін көрсетті. Топтың жетекшісі полковник Тимур Омаров, оның артынан жауынгерлік ұшақтарда подполковник Нұрлан Оразов пен Арслан Ғалымов, сондай-ақ, пилотаждық топты тұйықтаған полковник Ерлан Қозығұлов әуелетті.

«Жетісу» тікұшақтары «Бәйтерек» бірегей тарқатуды орындап, салют берді. Ұшқыш полковник Талғат Сыздықовтың да өнері есте қаларлықтай болды. Қазақстандық ЕС-145 тікұшағында ол «Воронка», «Шиыршық», «Жылдамдатылған бұрылыс», «Төбешікте айналым жасау және бұрылу» күрделі пилотаж фигураларын орындады. Мұндай авиа-шоу барлық қатысушыларды тәнті етті. Ал қазақстандық ұшқыштарды іс-қимылда алғаш рет бақылаған кейбір шетелдік әскери қызметшілер олардың дайындығы мен шеберлігін жоғары бағалады. Бүгін, Қазақстанда Армия халықаралық ойындары – 2016 басталғанын естеріңізге сала кетейік. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» байқаулары еліміздің аумағында алғаш рет өткізілуде. Сайыс ашылу рәсімінен кейін бірден басталды және бір аптаға созылады. 9 тамызда үздік мергендер мен артиллерияшылардың есімдері белгілі болады.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления