Алатауда жоғалған қыз бен жігіт байланысқа шықты

Zakon.kz Zakon.kz
Достарының бірі Татьяна Рыжованың хабарласқанын айтты. Хабарламада Татьяна бәрі жақсы екенін, таудан түсіп келе жатқандарын жазған.

Алматыда тауда жоғалып кетті деп хабарланған Ильдар Галиев пен Татьяна Рыжова байланысқа шықты. Бұл жөнінде ҚазАқпарат ХАА, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің бөлімшеге ешқандай ресми хабарлама түскен жоқ, бірақ әлеуметтік желі пайдаланушыларынан жоғалған жастар туралы біліп, істі өз қолымызға алдық. Достарының бірі Татьяна Рыжованың хабарласқанын айтты. Хабарламада Татьяна бәрі жақсы екенін, таудан түсіп келе жатқандарын жазған. Мен олардың екеуімен де (Ильдар және Татьянамен - ред.) сөйлесіп, алаңдап отырған әкелеріне хабарласуын өтіндім. Олар хабарласты», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ильдар Галиевтің әкесі Рамиль Галиев 5 тамыз күні тауға кеткен ұлы мен жолдас қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления