ҚР Премьер-Министрі Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайымен танысты

Zakon.kz Zakon.kz
ШҚО-на жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімовке ЖЭО-1 жөндеу барысы туралы баяндалды.

ШҚО-на жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімовке ЖЭО-1 жөндеу барысы туралы баяндалды. Аясында жылумен қамтамасыз ету нысандарына жөндеу жүргізіліп жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аймақтың жылу беретіндерінің бірінші кезектегі міндетіне жатады. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке қаланың ең ірі жылу көздерінің бірі ЖЭО-1 жөндеу барысы таныстырылды.

Қуаты 342 Гкал/сағ болатын ЖЭО-1 тұрын үйлердің 70% және сол жақ жағалаудың әкімшілік ғимараттарын – 324 мың көп қабатты үйді, 41 әлеуметтік нысанды, 21 974 тұрғынды жылумен қамтамасыз етеді. Жылу желілерінің ұзындығы 86,3 км құрайды.

Семейдің жылумен қамтамасыз ету жағдайы туралы облыс әкімі Д. Ахметов баяндады. Ол мәселені шешу үшін жаңа ЖЭО салу керектігін атап өтті. Жоба әзірлеу және келісу кезеңінде тұр.

Анықтама үшін:

Семейдің 17 жылу көзі кесте бойынша қысқа дайындалып жатыр. Семейде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы 3 млрд 45 млн теңге сомаға 10 жоба жүзеге асырылуда.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін макроөңірлерді ықпалдастыру негізінде хабтық қағида бойынша бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру.

«Сәулелі» қағида бойынша тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым құру «Нұрлы жол» бағдарламасының басты міндеттеріне жатады.

2015 және 2019 жылдар аралығында көлік саласындағы 16 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Фото: astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления