Павлодар облысында малшылар мен бақташылар, тракторшылар тапшы

Zakon.kz Zakon.kz
Көбінесе Екібастұз, Ақсу қалаларында өндіріс саласына және аудандарға ауыл шаруашылығы мамандары қажет.

Павлодар облысында малшылар мен бақташылар, тракторшы мамандары тапшы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Қашкенова мәлім етті.

- Бүгінгі таңда облыс бойынша 3000-нан астам бос жұмыс орны бар. Бұл былтырғы кезеңге қарағанда екі есеге артық көрсеткіш. Көбінесе Екібастұз, Ақсу қалаларында өндіріс саласына және аудандарға ауыл шаруашылығы мамандары қажет. Тіпті, Железин, Баянауыл аудандарының кәсіпкерлері жұмыспен бірге баспана беруге дайын. Алайда жастардың көбі ауылға барғысы келмейді. Оған қаламен салыстырғанда ауылдық аймақтарда еңбекақының төмендігі де себеп болатын шығар. Сондықтан қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарына «екі қолға бір күрек іздеп жүрген» азаматтарды шақыру мақсатында хат жолдадық, - дейді Хелуа Қашкенова.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления