ШҚО-да Абайдың әжесі Зереге ескерткіш орнатылды

Zakon.kz Zakon.kz
Жалпы ескерткіштің биіктігі 4 метрден асады. Онда бала Абайды тізесіне отырғызып, ел болашағына уайым жеп отырған әже бейнеленген.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып Абайдың әжесіне ескерткіш қойылды, деп жазады 24.kz арнасы.

Қалбатау өңірі – Зере Бектемірқызының туып өскен өлкесі. Данышпан, ойшыл ақынның бала кезден ақылшысы, қамқоры әрі ізгі тәрбиешісі бола білген ел анасы қоғамдық мәселелердің де оң шешімін табуға атсалысқан қайраткер екені тарихтан мәлім. Ескерткішті сомдаған Абай ауданы Саржал ауылындағы қарапайым мектеп мұғалімі Ертіс Тәти.

Жалпы биіктігі 4 метрден асады. Онда бала Абайды тізесіне отырғызып, ел болашағына уайым жеп отырған әже бейнеленген. Ескерткіштің салтанатты ашылуынан соң Зере есімін иеленген 25 қыз балаға «Құнанбай» фильмінде Абайдың әжесін сомдаған актриса Нұрсипат Салықова батасын берді. Мұнан кейін жиналғандар аудандық мәдениет үйінде мерекелік концерт тамашалап, ат жарысына куә болды. Сонымен бірге қазақ даласындағы ұлы аналарға арналып ас берілді.

Нұрлан Сыдықов, Жарма ауданының әкімі:

- Ескерткішке бірде-бір бюджет ақшасы кеткен жоқ. Біз осыдан 4 ай бұрын «Береке» атты қор құрдық, соған байланысты газетке хабарландыру бердік. Сонда біздің мекемелер, халық өздері ақшаларын беріп, сол ақшаға салынды. Қазір де қаражатымыз бар. Сол қордың қаражатына жылына бір қыз баланы жоғарғы оқу орнына грантпен оқытсақ па деп отырмыз.

Фото: 24.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления