ОҚО-да жер қойнауын пайдалану мәселесі қаралды

Zakon.kz Zakon.kz
Жаднамада жер қойнауын пайдаланушыда қандай рұқсат құжаттар болуы қажеттігі, міндеттемелері мен жауапкершіліктері көрсетілген.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдалану саласындағы күрделенген мәселелерді талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасының ұйымдастыруымен өткен жиында салаға жауапты мемлекеттік органдардың қызметкелері мен жер қойнауын пайдаланушылар жалпы саны 150-ге жуық адам қатысты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Отаршиев жалпы облыстағы жер қойнауын пайдалану саласындағы бүгінгі ақуалды баяндап, бірқатар атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кейіннен, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, жер қатынастары басқармасының басшысы баяндама жасап, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтар, келісімшарт аумақтарын өзендердің су қорғау белдеуінен шығару және жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жерлердің ресімделуі жөнінде мәлімет ұсынды.

Сондай-ақ, отырыста жер қойнауын пайдалану саласында күрделенген мәселелер жайы айтылып, екі тараптың да пікірлері мен ұсыныстары ескерілді.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп әзірленген «Жер қойнауын пайдаланушылар жаднамасы» таратылып үлестірілді. Жаднамада жер қойнауын пайдаланушыда қандай рұқсат құжаттар болуы қажеттігі, міндеттемелері мен жауапкершіліктері көрсетілген.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления