Лента новостей
0

ҚР Қорғаныс министрлігі «Армия – 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.09.2016 22:01 Zakon.kz
Форумда жұмыс жасаған жетекші қорғаныс кәсіпорындары да РФ Қорғаныс министрлігі басшысы орынбасарының қолынан марапатқа ие болды
Қазақстан, Белоруссия және Армения Қорғаныс министрлігі «Армия – 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алса, ал «Қазақстан инжиниринг» ҰК» компаниясының тобы дипломдармен марапатталды. Форумда жұмыс жасаған жетекші қорғаныс кәсіпорындары да РФ Қорғаныс министрлігі басшысы орынбасарының қолынан марапатқа ие болды, деп жазады zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан форумға алғаш рет қатысқанын айта кетейік. Форумда Армения, Белоруссия, Қазақстан, Пәкістан және Малайзия ҚӨК кәсіпорындарының ауқымды ұлттық экспозициялары өрістетілді. Одан басқа, 13 шетел мемлекетінен 58 қорғаныс кәсіпорны мен холдингтер өз өнімдерін ұсынды.

Өз ұлттық экспозицияларын ұсынған мемлекеттермен қатар форумға Германия, Үндістан, Израиль, Ирландия, Қытай, Таиланд, Франция, Швейцария қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қатысты.

Форумда еліміз алты кәсіпорынмен ұсынылды. Атап айтқанда, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ, «405-авиажөндеу зауыты» АҚ, сондай-ақ, «Zhasampaz» консорциумы. Компанияның стендіне әскери және қос мақсатты бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылды.

Олардың арасында түнгі көру көздеуіштері, жылу визиялық жүйелер, барлау және қадағалау аспаптары, корабльдер мен суасты қайықтарын өндірушілерге арналған кеме гидравликасының толымдаушы бұйымдары, Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының нобайлары, сонымен қатар, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегі бар.

«Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша тиімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, Сіздерге әрі қарай да сәттілік тілеймін. Сіздерді келесі форумға қатысуға шақырамын», - деді лауреаттарға лебізін білдірген Руслан Цаликов.

Алабино полигоны мен Мәскеу маңындағы Кубинка әуеайлағында екі жыл қатарынан конгресстік-көрме орталығында 6-11 қыркүйекте өткен халықаралық әскери-техникалық форум алаңына барлығы жарты миллионнан аса адам жиналды.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: