Лента новостей
0

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері еркін күрестен әлем чемпионатында екінші орынды еншіледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.09.2016 21:16 Zakon.kz
Чемпионатқа барлығы 34 елдің әскери қызметшілері қатысты. Ефрейтор Елдос Әбікенов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Македонияның астанасы Скопье қаласында әскери қызметшілер арасындағы 31-ші чемпионат бастау алды. Қазақстандық команда жыл сайын армияшы балуандар біріншілігінде талай рет медаль жеңіп алды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Чемпионатқа барлығы 34 елдің әскери қызметшілері қатысты. Ефрейтор Елдос Әбікенов чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Шешуші кездесуде 61 келі салмақтағы қазақстандық әскери қызметші 8:6 есебімен әзірбайжандық Хасан Задты ойсырата жеңді. 86 келі салмақтағы кіші сержант Әділет Давлумбаев чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Финалда ол Шәміл Құдиямагомедовтен жеңіліп қалды. Сондай-ақ, Әлихан Жұмаев та күміс медальға қол жектізді. 97 келі салмақта шешуші кезеңде қазақстандық палуан ресейлік Абдусалам Гадисовтен жеңіліп қалды. 74 келі салмақтағы АОСК спорттық ротасының қатардағы жауынгері Нұрғали Жолаев ресейлік спортшыдан жеңіліс тапты.

Еркін күрестен сайыс қорытындысы бойынша Қазақстанның армияшылары әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында екінші жалпы командалық орынды иеленді. Бірінші орынды Ресей Федерациясының құрамасы қанжығаласа, үшінші орынға Оңтүстік Корея табан тіреді.

Жақын арадағы екі күнде Македонияда грек-рим күресінен қызу тартыс өтеді. Онда спортшыларымыз жеті салмақтық дәрежеде ұсынылған.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: