Лента новостей
0

Ақмолада жазасын өтеушілердің тең жартысы ғана жұмысқа тартылған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.09.2016 15:43 Zakon.kz
Барлық шаралардың жасалып жатқанына қарамастан, жазасын өтеушілерді барынша еңбекке жұмылдыру мәселесі әлі де өзекті болып тұр.
Ақмолада жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы өзекті күйінде қалып отыр. Облыстағы абақтыларда отырған 3 мыңға жуық сотталушының тек 50 пайызы ғана жұмысқа тартылған. Бұл мәселеге кәсіпкерлердің назарын аудару мақсатында Көкшетаудың іргесіндегі ЕЦ 166/25 түзету мекемесінде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Гранитный кентіндегі түзету мекемесінің аумағында аяқ киім шығаратын цех, тігін орны, ағаштан бұйым жасайтын шеберхана бар. Дегенмен бұл жерде еңбектеніп жүргендер саусақпен санарлық. Мәселен, мұнда осы күні 631 адам жазасын өтеп жатса, іште соның 134-і ғана жұмыс істейді. Солардың бірі Қуаныш Ысқақов. 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 2015-тен бері осында.

«Осы жұмысқа кіргеніме бір жылдай уақыт болды. Цехта киім, былғары етіктер тігеміз. Істеген жұмысымызға қарай жалақы төленеді. Істеп жатқан кәсібім болашақта қажет деп есептеймін. Бостандыққа шыққанда осы үйренген кәсібімді әрі қарай дамытқым келеді»,–дейді ол.

Бірақ, мұнда Қуаныш сынды 500-дей жігіт бар. Олардың бәрін жұмыспен қамту әзірге мүмкін болмай тұр. Ашық есік күнін өткізіп, кәсіпкерлерді тартқанмен, нәтижесіз. Бостан-бос тұрған цехтарды жөндеп, оған тағы қондырғы алуға біздегі бизнесмендер құлықсыз.

«Бүгінгі күні бізде бір ғимарат бос тұр. Сол цехтарда кәсіпкерлер өздерінің бизнесін жүргізсе деп осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ әзірге іскер азаматтардан ұсыныс бола қойған жоқ. Соңғы уақытта сотталғандар арасында бізде еңбек етіп жүргендердің қатары өскендігін айтқым келеді. Тапсырысты көбейту үшін енді бизнес өкілдеріне жүгінуді жөн көріп отырмыз»,–дейді ЕЦ 166/25 түзету мекемесінің бөлім бастығы Айдарбек Құдияров.

Жазасын өтеушілердің бостандыққа шыққанда белгілі бір кәсіп түрін меңгеріп шыққаны маңызды болғанымен, сотталған азаматтардың дені жұмыссыз. Барлық шаралардың жасалып жатқанына қарамастан, жазасын өтеушілерді барынша еңбекке жұмылдыру мәселесі әлі де өзекті болып тұр.

Фото:rusjev.net

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: