Лента новостей
0

Алматы облысындағы мал базарлар санитарлық талапқа сай келмейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.09.2016 23:50 Zakon.kz
Сауда орнының басшылары базардың іргесін, жолдың бойы ғана ластап қоймаған. Сол маңға жақын орналасқан кең жазыққа да қойдың ішек-қарнын, бас-сирағын лақтыра берген.
Ұзынығаштың мал базарындағы шулы оқиғадан соң, сауда орындарындағы қауіпсіздікті тексерген құзырлы органдар өзге де кемшіліктердің бетін ашып жатыр. Сатушы мен мал сатып алушылардың қауіпсіздігі мүлде қамтылмаған. Базардың айналасы сасыған ішек-қарын қалдықтары мен жемтікке толып кеткен. Санитарлық талапты сақтамаған базар басшылары кемшілікті жоюдың орнына қоқан-лоқы көрсетіп әлек, деп жазады Алматы телеарнасы.

Талғар ауданына қарасты «Сұлтан» базарына барушы адам көп. Сәт сайын сойылған малдың етін тиеп кетіп жатқан тұтынушы. Бірақ басқа облыстардан аптасына жүздеген мал жеткізілетін базардың іші-сырты санитарлық нормаға әсте сәйкес емес. Үйіліп, сасып жатқан жүздеген мал басы. Шашылған ішек-қарын мен сирақтар, үймелеген шыбын, қолқаны қабар сасық иіс. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ.

«Тазалық керек қой. Өзім мал доғдырымын. Үлгере алмай жатыр ма? Тазалық керек. Қотыр жұғады. Мал бір қораға қамалған соң сибирский язва, сүйел сияқты қотырлар жұғады», - деді Ермек Жылқыбаев.

Өз аумағымда не істесем де өзім білем деген базар басшысы қоқан-лоқы көрсетіп, балғат сөздерін үйіп-төкті. Қасапхана ашып, кәсіппен айналысқан жан айналасындағы аумақты ластамай, табиғаттың бүлінбеуін толыққанды қадағалуы тиіс. Тез бұзылатын қалдықтар арнайы салқын жерде сақталып, тасымалдануы тиіс тиіс деген талап тағы бар. Бірақ көрер көз шыдамайтын бұндай көріністі қалып жағдай деп қабылдайтын басшылар өз істерін ерсі көрмей, әдеттегі жағдай санайды.

«Мынау жол. Не нәрсені болса да олар өздерінің ауласында сақтауы тиіс. Бұл заңды бұзған болып саналады. Әкімшілік құқық бұзуышылықтың 344 бабы бойынша айыппұл салынады. Жеке тұлға болса 10, жеке кәсіпкер болса 20, 30 АЕК айыппұл қарастырылған», - деді Талғар ауданы экология инспекциясының бас маманы Қанапия Садықов.

«Сұлтан» базарындағы малдың саудасын қыздырушы сатушылардың айтуынша, аптасына бес жүзге дейін қой, жүзге жуық ірі қара жеткізіледі. Базар аумағына кірген бір қойға 200, сиыр, жылқының әр басына 500 теңгеден салық төленеді. Бірақ теңгені сытырлатып санап алатын әкімшілік тазалыққа келгенде тақырға тіреліп отыр.

Сауда орнының басшылары базардың іргесін, жолдың бойы ғана ластап қоймаған. Сол маңға жақын орналасқан кең жазыққа да қойдың ішек-қарнын, бас-сирағын лақтыра берген. Қаңғырған ит, қаптаған жемтік осында. Ендігі кезекте халық көп жүретін жолдың бойына жақын орналасқан жерден түрлі аурулардың шығу-шықпауын, таралу таралмауларын мемлекеттік мекемелер анықтамақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Рашиддин Якупов

Фото: astinfo.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: