Кемсітушілікті жою жөніндегі міндеттемелер

 

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «әйелдерге қатысты кемсітушілік» ұғымы әйелдердің олардың отбасылық жағдайына қарамастан, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез-келген басқа салалардағы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын ерлер мен әйелдердің теңдігі негізінде пайдалануын немесе іске асыруын жыныс белгісі бойынша әлсіретуге немесе мойындалуын жоққа шығаруға бағытталған кез келген айырмашылық, қоспай қою немесе шектеу дегенді білдіреді.

Бұрынғы есептерде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға 1998 жылы қосылды, содан бері заңгерлік практикада осы Конвенцияның 1-бабында анықталған «кемсіту» ұғымы қолданылады. «Кемсіту» сөзінің өзі Конституцияның, қабылданған заңдар мен нормативтік актілердің мәтіндерінде кеңінен қолданылады.

2009 жылы Қазақстанда «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заң қабылданды. Онда «жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік» ұғымы «жыныстық белгісі бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе оларға қысым жасау, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру» деп анықталған. Жыныс белгісі бойынша кемсітудің бұл анықтамасы қамтитын сипатқа ие және Конвенцияға қайшы келмейді.

Ерлер мен әйелдер теңдігі қағидаты Конституцияға және Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы заңнамасына енгізілген.

Мысалы, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңда «мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету» мемлекеттік саясат міндеттерінің бірі ретінде айқындалады.

Қазақстан Республикасының «Ұлт денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, әйелдер мен ерлер медициналық көмекке бірдей қолжетімділікке және репродуктивті таңдау еркіндігіне, репродуктивті денсаулық сақтауға және репродуктивті құқықтарын сақтауға ие.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігін, ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін көздейді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Барлық заңнамалық актілердің жобаларын гендерлік сараптамадан өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеп, бекітті.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық актілерінің жобаларына гендерлік сараптама жүргізіледі.

«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңға сәйкес, ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласында қызмет етуші органдар Қазақстан Республикасы Үкіметі, өздерінің құзіреттілігі аясындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір мемлекеттік орган өзінің қызмет ету саласында гендерлік саясатты жүзеге асыру үшін жауапты.

 

 

Ә.Е.Жүнтаева, Шахтинск қаласының

мамандандырылған әкімшілік соты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 октября 2016, 13:39
Источник, интернет-ресурс: Автор/љзгелер

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript