Лента новостей
0

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.11.2016 22:59 Zakon.kz
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туып отыр.
Шымкент қаласының Абай саябағы Көркемсурет мұражайында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан апаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 248 кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 2224 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туып отыр.

Аталмыш жәрмеңкеге өңірдегі мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау және өзге де мекемелер қатысып, білікті де білімді, өз ісінің үздік мамандарын табуға асығады.

Айта кетерлігі, қалалық жұмыспен қамту органдары жылдық жоспарға сәйкес 4443 тұрақты жұмыс орнына, әлеуметтік жұмыс саласы бойынша 1160 азаматты, жастар практикасымен 2070 жас түлекті жұмыспен қамту көзделуде.

Бүгінгі қоғамда дәрігерлер, медицина саласын меңгерген мамандар тапшы. Тігінші, аспазшы секілді қызмет көрсету саласындағы мамандықтар да үлкен сұранысқа ие. Сонымен бірге жұмыс берушілер тікелей сұхбаттасу арқылы білімді кадрларды таңдап, қызметке қабылдауға мүмкіндік алады.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: