Горячие новости
Читайте также

Суыққа ең төзімді оқушылар Павлодарда тұрады

Павлодар облысында 1-4 сынып оқушылары желдің жылдамдығы 5 м/с жетіп, температура -30 градусқа дейін суытқанда ғана сабақтан босатылады.

Фото : 25 ноября 2016, 15:39
Павлодарлық мектеп оқушылары ауа температурасы -30 градусқа суытқанда ғана сабаққа бармау құқығына ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысында 1-4 сынып оқушылары желдің жылдамдығы 5 м/с жетіп, температура -30 градусқа дейін суытқанда ғана сабақтан босатылады. Сәйкесінше, сынап бағанасы -33 және -35 градусты көрсеткенде, 5-9 және 10-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды. Бұл аймақтар арасындағы ең төменгі көрсеткіштер.

Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда да оқу температура мен желдің жылдамдығына қарай тоқтатылады. Еегр жел секундына 2 метрден аз және -28 градус суық болса, бастауыш сынып оқушылары үйде қалады. -32 градуста 1-9 сынып оқушылары, ал -34 градустан бастап 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері оқудан босатылады.

Егер жел күшейіп, термометр -23 градусты көрсетсе, бастауыш сынып оқушылары сабаққа бармайды, -27 градуста 1-9 сынып оқушылары, ал -29 градустан бастап 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері оқудан босатылады.

Ауа райы -25 градусқа суытып, жел жылдамдығы 2 метрден асқанда Астана мен Қарағандының 1-4 сынып оқушылары сабақтан босайды. 1-9 сынып оқушылары -30 градуста, ал 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері -35 градусқа жеткенде босатылады.

Сонымен бірге, Қарағандыда желдің жылдамдығына қарай ереже өзгеріп отырады. Егер жел секундына екі метрден аз соқса, температура шегі тағы -5 градусқа ұлғаяды.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің 2 м/с асып, күн райы -25 градустан төмендегенде 1-4 сынып, -27 градуста - 1-9 сынып, -30 градуста - 1-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

Фото: Today.kz



Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии