Горячие новости
Читайте также

Батыс Қазақстан облысында мәдениет саласы қарқынды дамып келеді

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысында 753 мәдениет және өнер ұйымдары тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Фото : 29 ноября 2016, 10:34
Батыс Қазақстан облысында мәдениет ұйымдарының қызметін қаржыландыру үшін 2015 жылы 4,9 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы - 6,48 млрд. теңге қаражат бөлінді, деп жазады zakon.kz.

2013-2015 жылдары облыста 7 монументалды ескерткіш пен мүсіндер орнатылса, биыл Орал қаласының ортасында қазақтың ұлы күйшілері Құрманғазы мен Динаға арналып скульптуралық композиция бой көтерді.
Биыл Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының өнер ұжымдары «Айналдым елім, Қазақстаным!» концерттік бағдарламасымен облыс аудандарының сахналарында және көршілес Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе өңірлерінде гастрольдік сапарда болып, көрермендеріне өнер мерекесін сыйлады.

Сонымен қатар, 17-18 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір, қуатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысының күндері өтті.

Батыс Қазақстан облысы ауыл-шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінің ашылу салтанаты мерекесіне орай өнер шеберлерінің концерті, екінші күні Бейбітшілік және Келісім сарайында «Назерке» және «Ақжайық» халық биі ансамбльдері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Батыс стар» және «Інжу» топтары, дәстүрлі әншілер мен күйшілер және жекешелеген өнер шеберлерінің күшімен үлкен концерт ұйымдастырып, Астана қаласының тұрғындарына есте қаларлық әсем кеш сыйлады.

Қыркүйек айында Қазақстанның атынан Македония Республикасында Стоби антикалық драма фестивалінің үш бірдей жоғары жүлдесін жеңіп алып келген облыстық қазақ драма театрының сахнасында қазан айының 22-27 аралығында Мемлекеттік сыйлықтың, Халықаралық Алаш және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) шығармалары бойынша «Мәңгілік Елдің Алтын адамы» республикалық театр фестивалі өткізілді.

Қазан айының ішінде Татарстан Республикасының Қазан қаласында қоғам қайраткері, композитор Назиб Жигановтың 105 жылдығы және композитордың атындағы мемориалдық музейінің ашылғанына 25 жыл толуына арналған ресейлік «Музей кеңістігіндегі музыка» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестр ұжымы және танымал өнер майталмандары қатысып келді.
Биылғы жыл көптеген өнер қайраткерлерінің мерейлі жастарымен тұспа-тұс келіп отыр.

Олардың ішінде, Дина Нұрпейісова мен Сейтек Оразалыұлының дүниеге келгеніне 155 жыл толуына орай «Бабадан қалған күмбір күй» атты күй кеші өткізілді.

Қазан айында өнер әлемінде өзіндік орны бар біртуар тұлға, әнші-композитор Мұхит Мерәліұлының есімін мәңгі есте сақтап, дәстүрлі ән мектебінің ұлы көшін үзбей, келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Сары дала сағынышы - сал Мұхит» республикалық дәстүрлі әншілер байқауына 22 үміткер қатынасып, сынға түсті.

Облысқа танымал жыршы, әнші-термеші, күйшілердің дәстүрлі өнерлерінің қасиетін көтеру мақсатында игі шаралар жалғасады.

Қараша-желтоқсан айларында жыр-терме өнерінің ардақтылары: Жақсылық Сәрсенғалиев, Қалампыр Рахимова, Қаламқас Орашевалардың есімін ұлықтауға арналған «Термелетіп жырлайын» республикалық дәстүрлі термешілер байқауы, Қазақстан Республикасының халық артисі, Қазақстан Республикасының өнер қайраткері, «Парасат», «Халықтар достығы» ордендерінің иегері, композитор жерлесіміз Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовтың 80 жылдығына арналған және басқа да көрнекті ақын - жазушылардың еске алу кештері өтеді. Желтоқсанның 15-ші күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үлкен мерекелік концерт өтеді деп күтілуде.

Айта кету керек, биыл азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі қолға алынып, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 28 пайыздан 40 пайызға дейін өсті.

2016 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 10 мәдениет нысандарын күрделі жөндеуге 510 млн.теңге және 19 нысандарды жөндеуден өткізуге 93,9 млн. теңге бөлініп, мақсатты игерілуде.

Фото: oraloniri.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии