Лента новостей
0

Ақтауда педофилді соттайтын алқа билер табылмай жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.01.2017 15:46 Zakon.kz
Бірінің емізулі баласы бар, бірі тым кәрі деген соттағылар келгендердің бәрін кері қайтарған.
Ақтауда атышулы педофилге қатысты сот процесі басталып болар емес. Алқа билер әлі күнге дейін іріктелмей, іс созбалаңға салынған. Бұған дейін сот айғақтардың аздығына байланысты нақтыланбаса, енді алқа билердің болмауынан тағы кейінге қалды. Өйткені азғынға үкім кесетін адамдар соттың талабына сәйкес келмей жатыр, деп жазады КТК телеарнасы.

Бірінің емізулі баласы бар, бірі тым кәрі деген соттағылар келгендердің бәрін кері қайтарған. Ал негізі атышулы педофилге алқа би болуға барлығы жүзден аса ақтаулық ниет білдіріпті. Енді айыпталушыға жаза кесуге атсалысатын 12 кісіні таңдау келесі аптаға қалды. Былтыр жазда Ақтауда 6 жасар қыз жоғалып, артынша зорланғаны анықталған.

Жыныс мүшесі жыртылған бүлдіршін Астанада бірнеше ай комада жатып сол күйі тілге келмей көз жұмды. Көп ұзамай күдікті де ұсталған болатын. Ауыр қылмысы үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін педофил өмірін құтқарып қалу үшін соттан әдейі алқа билердің де қатысуын сұратып қоймапты.

Фото: kzl.sud.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: