Шымкентте ұрлаған 10 көлікті бөлшектеп сатып жіберген тұрғын ұсталды

19 января 2017, 13:34
Фото:
Шымкент қаласында полицейлер автокөлік ұрлықтарына қатысты күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың басында Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не 40 жастағы автокөлік иесі Нұрсат мөлтек ауданында үйінің ауласында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы қызметтік автокөлігін белгісіз тұлға ұрлап кеткені жөнінде арызданып келген.

Қаратау ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында қылмысқа күдікті 1966 жылғы Сайрам ауданының тұрғынын құрықтады. Бұрын сотты болған, жұмыссыз. Полицейлер күдіктінің үйін тінту кезінде ұрланған автокөлікті тәркіледі.

Тергеу кезінде күдікті азаматтың 10 автокөлік ұрлығына қатыстылығы анықталды. Тәртіп сақшылар анықтағандай, 50 жастағы азамат қараусыз қалған автокөліктердің есігін арнайы құралдардың көмегімен ашып, көліктерді ұрлап отырған. Ұрланған көлікті сатқан немесе бөлшектеп төмен бағада сатып, ақшасын өз қажетіне жаратып жүрген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің екі бабымен қылмыстық іс қозғалды, ҚР 188-бабы «Ұрлық» және 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу». Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Фото: www.inform.kz

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?