Горячие новости
Читайте также

Алматы облысында үйі өртенген отбасы далада қалды

Өрт пештен шығуы мүмкін.

Фото : 19 января 2017, 15:57
Алматы облысында үйі өртенген отбасы далада қалды. Оқиға Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақтыбай ауылының әкімі Айдын Исабековтың сөзінше, үйі өртенген отбасының бес баласы бар. Қазір олар туысқандарының үйінде тұрып жатыр. Баспана толықтай жанып кеткен, тек қабырғалары қалған. Қыстың қақаған суығында үйі өртенген отбасына жергілікті әкімдік тарапынан қандай көмек көрсетілетіні белгісіз.

«Біз аталған жағдайды Ескелді ауданы әкімінің орынбасарына айттық. Нақты қандай көмек көрсетіледі, әзірге белгісіз. Алдағы уақытта бұл мәлесе қарастырылады», дейді Айдын Исабеков.

Ал облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың мәліметінше, өрт пештен шығуы мүмкін деген болжам бар. Аталған отбасының бес баласы және анасына иіс тиіп ауруханаға жүгінген. Қазір жағдайлары тұрақты, барлығы үйге қайтқан.

Автор: Самал Қабышева

Фото: inform.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии