Қарағандыда өртке оранған пәтерден екі баланың мәйіті табылды

19 января 2017, 16:32
Фото:
Қарағанды қаласында өртке оранған пәтерден екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«19 қаңтар күні сағат 11.26-да жедел-жәрдем стансасына Қарағанды қаласының 18-інші мөлтекауданындағы үйлердің біріне шақырту түсті. Бригада аталған жерге дереу жетті. Жанып жатқан пәтерден құтқарушылар екі баланы алып шықты. Дәрігерлер биологиялық өлімнің болғанын белгіледі. 2008 және 2014 жылы туған балалар газдан уланып көз жұмған, күйік жарақаттары табылмады», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.

Көршілердің айтуынша, бұл пәтерде ПИК қызметкерлері тұрған. Өрттің себебі анықталуда.

Фото: Baq.kz

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?