Таразда 8 жасар туған қызын зорлаған әке сотталды

20 января 2017, 14:40
Фото:
45 жастағы азаматтың 8 жасар перзентіне жәбір көрсеткені дәлелденіп, азғын енді 17 жылын түрмеде өткізетін болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

“Сот барысында азаматтық талап берілді. Әйелінен менің қызыма жанкүйзеліс жағдайға ұшыратты деген талаппен берілді. 2 млн. талап қойылды, оның 1,5 млн. ішінара қанағаттандырылды”, – судья Айгүл Мәлікова.

Сұмдық оқиға өткен жылы қыркүйекте болған. Үйде төрт баласымен қалған педофил, үшеуін далаға қуып жіберіп, 8 жастағы қызын өзімен алып қалады. Сөйтіп оған ойына келгенін істеген.

Оның жанұшыра шыққан дауысын естіген іні-әпкелері сырттан кіргенде, қыздың қансырап жатқанын көреді. Сөйтіп анасына хабар беріп, артынша тәртіп сақшыларын шақыртқан. Белгілі болғаны, ерлі-зайыптылар ажырасқан екен. Бірақ бір шаңырақтың астында тұрып жатқан.

Ұдайы мас боп жүретін азғын, 11, 12 жастағы екі қызын да бірнеше мәрте зорламақ болыпты. Алайда ол кезде полицейлерге арыз жазылғанымен, дәлелін таппаған.

Фото: stan.kz

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?